Бұл бетте «Теңіз және халық» атты Қалижан Бекхожин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көк телегей кең айдында,
Көк бұлтындай шұбай өрген,
Тасып толқын, тынбай мұнда
Өз бетінше шу.көтерген.
Сонда құмнан алыс шеткі,
Телміріп тек тұйық жатқан,—
Келді жігіт жалын бетті,
Бұйрықпенен құйындатқан:
— Ей, жүгенсіз, елсіз мұнда
Тасып текке үдей берме!
Жүр соңымнан, жүгір құмға,
Гүл егеміз дүлей белге!—
Тулады да теңіз алып,
Толқындарын атты түйдек,
Көрдім, барып батыр халық
Көк жалыннан жатты сүйреп...
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі