Өзіңе сен, жас ойшыл – Қалижан Бекхожин

Бұл бетте «Өзіңе сен, жас ойшыл» атты Қалижан Бекхожин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2356
(Лермонтовқа еліктеп)

Өзіңе сен, жас ойшыл,
Тіл өнерің отпен тең.
Жаз күніндей жастық жыр
Жалын атсын жүректен.
Қанат қағып тез ұмтыл,
Шарықтайтын туды кез.
Жарысқа түс, безеп тіл,
Ұмтыл алға, ұмтыл тез.
Жалындаған жүректен
Жарқылдаған от керем.
Қанатымен өлеңнің
Көтеріл көкке мен!
Жүректе жалын болса егер,
Жайнап шығар аспанға.
Өмір, өзің қуат бер,
Жалындаған жас жанға!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері