Бұл бетте «Домбыра» атты Қалижан Бекхожин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тиер жылы жүрекке үнің сенін,
Туған күні дауысыңды естігенмін.
Атам, анам өсіпті сеніменен,
Саған айтып кетіпті ескі кегін.
Мені де маужыраған — сол бір күйің
Үніндей сонау сырлы дүниенің.
Ұйқы орнына жас жүрек дүрсіл қағып,
Жалындатқан жанымды сол әлдиің.
Ой-қиял сырласқанда сеніменен,
Жорғалап сазбен талай шыққан елең.
Барармын сені шертіп майданға да,
Өлсем егер, мен сені шертіп өлем.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі