Қуаныштың құйыны

Бұл бетте «Қуаныштың құйыны» атты Қалижан Бекхожин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1931
Қуаныштың құйыны,
Соқты ойнақтап Отанда,
Жанның бәрін шалқытып,
Желпу салды маған да!
Қуанды да жас жаным,
Шаттық әнін шырқадым.
Құшты үнімді қыр мен сай
Құлпырды да көк орай.
Толықсыды тау, дала,
Күлімдеді күн мен ай.
Шалқып шыққан жырыма,
Шертті гитар қыз Нина.
Әуелетіп ән салды,—
Қазақ қызы Рақима.
Қуанышпен құлпырып
Ән шырқаймыз әлемге.
Қуаныштың құйыны,
Шаттық әнмен құйғытып,
Бар жиһанда сәлемде!
Құйында, құйында,
Құйындату қиын ба!
Елестейді көзіме,
Сонау күнгірт күн шығыс,
Күрсінеді қайғымен —
Сонда сұлу сорлы қыз,
Күрсінеді майданда,
Шаттық жырын сағынып,
Испан қызы Лина да.
Ұқсаймын деп Нинаға!
Батысқа мен қарасам,
Көрінеді қара бұлт.
Жауыз, жебір жауына
Қарсы аттанған қалың жұрт.
Фашизмнің ылаңы,
Аза салған адамға,
Естіп соны қиядан,
Ыза түсті маған да!..
Қуаныштың құйыны,
Намыс жырын көтеріп,
Борат бар жиһанға!
Қара бұлтты қуалап,
Көрсет күнді адамға,
Құйындашы, құйында,—
Құйындату қиын ба!
Сенсің таза бір сәби...
Сені сүйіп қуансын,
Қытай қызы Ли Цзы.
Қуаныштың құйыны,
Құйындашы қиырға!
Шаттық әнім шалқыған,
Сен де бірге құйында!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қуаныштың құйыны өлеңінің авторы кім?

Қалижан Бекхожин — осы өлеңнің авторы.

Қуаныштың құйыны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қуаныштың құйыны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалижан Бекхожин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қуаныштың құйыны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері