Өлең, жыр, ақындар

Түнде ұшқан бұлбұл

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 20.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1323
(Пушкинге)

Гүлсіз орман,
Қараңғы түн...
Ұшты бұдан жүз жыл бұрын,
Желдей есіп мұңлы бұлбұл,
Алқара көк әлем жүзін,
Тебірентіп ән шырқаған.
Жарқ-жұрқ етіп меруерт сөзі
Көк дарияда жалтыраған.
Өмір сыры Салған жыры
Жан балқытқан құйып мұңын,
Қия кезіп кеткен әні,
Азаттықтың аңсап күнін.
Сонда сұп-сұр күнді тербеп,
Зарлы әнімен күңіреніп,
Алыс күнге қанат сермеп,
Аңсап бұлбұл, айтқан сеніп:
«Байтақ елім, сөзіме нан,—
Елестейді алыста таң,
Бұлт қуылар — Күн туар!
Алғыс айтып кейін халық
Мен күмбезде ардақталып,
Қасіретімді нұр жауар!»
Түн жамылып, бұлбұл кетті,
Заман зулап жүз жыл өтті,
Халық өзі Күн туғызып,
Жаңа шуақ нұр құйғызып
Ескі орманды күлімдетті...
Біздер бүгін, Бұлбұл мұңын,
Әлдилейміз нұрға бөлеп,
Толқындаған тәтті жырын,
Шырқатамыз шаттыққа елеп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түнде ұшқан бұлбұл өлеңінің авторы кім?

Қалижан Бекхожин — осы өлеңнің авторы.

Түнде ұшқан бұлбұл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Түнде ұшқан бұлбұл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалижан Бекхожин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түнде ұшқан бұлбұл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері