Есімде – Қалижан Бекхожин

Бұл бетте «Есімде» атты Қалижан Бекхожин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1546
(Ж-ға)

Қалды есімде сол шағың
Тұрдың - ау сен күлімдеп,
Жалындады құшағың,
От жүрегің дүбірлеп.
Есіңде ме, ерідім
Сол бір сәби сүйістен.
Балдай еді-ау ерінің
Ерініме тиіскен.
Сен биязы қалпыңмен
Маған сұлу көріндің.
Жан сырымды айтып ем
Наз жырындай өмірдің.
Мені тастап, жоғалдың
Самал соққан бір кешпен.
Жат құшаққа оралдың,
Шығардың ба мені естен?
Өкінішпен өтті шақ,
Мен де бөтен жар таптым.
Жырлап талай, сені аңсап,
Арманымды тарқаттым.
Бұл дүниенің жүзінде
Көп қой ғашық шерменде.
Телміремін жүзіңе
Әлі сені көргенде..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері