Бұл бетте «Ағамыз жатқан ақ отау» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ағамыз жатқан ақ отау
Көгілдір теңіз басында.
Жағалай орман, жасыл тау –
Қасиеттің бәрі қасында.
Құлаққа ұрған танадай,
Айнала аппақ тыныштық.
Қылығы тәтті баладай
Сәскеде болар күн ыстық.
Сол кезде қымыз толтырған
Сарқып бір тастап шараны,
Жарқырап жалан балтырлар
Теңізге түсіп барады...
Күмп берсе сонда шіркіндер,
Аспанға көбік асылар.
Рақаттың даусы – күлкілер
Сыңғырап суда шашылар.
Көңілдің мың-мың хошы кеп,
Қанағат қанға тарайды.
«Адамдар деген осы!» - деп,
Есіркеп Алтай қарайды.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі