Өлең, жыр, ақындар

Естімегелі көп болды тырнаның үнін

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 23.07.2021
  • 0
  • 0
  • 685
Естімегелі көп болды тырнаның үнін,
Құрмады бүгін
Сауығын қырдағы күнім.
Сызылып күлген шағына қызығушы едім,
Хабарсыз қайда кетті екен сырғалы Гүлім?
Тырналар қайтсін қаланың сасық ауасын?
Пəрəнжі киген арудай жасыл ағашым.
Гүлдеймін деумен күндерім солатын болды-ау.
Білмеймін, қашан, қай жаққа, басым, ауасың...
Естігенім жоқ күннің де күркірегенін,
Күркірей қалса,
Дүние-ай, дүркірер едің!
Тұншығып тұрып,
Ішімнен күрсініп, тынып..,
Көктемдей мына мен-дағы бір күні өлермін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Естімегелі көп болды тырнаның үнін өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Естімегелі көп болды тырнаның үнін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Естімегелі көп болды тырнаның үнін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Естімегелі көп болды тырнаның үнін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері