Бұл бетте «Шақпақ тас» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Инженер, дос сыйлаған
Жез аралас шақпақ тас.
Серіктейсің сен маған
Жанымнан от жоқтатпас.
Жалғыз түйір қалпыңмен
Болдың неткен аяулы-ақ!
Туған жердің салты мен
Қасиетін баяндап.
Жалт-жұлт етіп қарайсың
Талай сурет көзге әкеп!
Сыбырлайсың талай сыр
Көңілімді қозғар — көп.
Қара қазан Қарсақпай,
Жезқазғанның көлемін —
Сенің осы кішкентай
Кескініңнен көремін.
Абзал достар еңбегі,
Әзілі мен күлкісі,
Өздері өскен жердегі
Жарқын жолы, түр-түсі, —
Бәрі кезге түсетін
Асыл сәуле шыныдай,
Туған жердің бір шөкім
Сүп-сүйкімді сынығы-ай!
Инженер дос сыйлаған
Жез бунақты шақпақ тас,
Серіктейсің сен маған
Серілерді жоқтатпас!
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі