Әнші

Бұл бетте «Әнші» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2166
Құстай ғана денесі бар,
Гүлдей ғана ерні бар,
Құдіреттен дәмесі бар,
Пайғамбардан көңілі бар.
«Қыз болған соң сүйтеді ғой» —
Деп, асықпа, досым-ау!
Бір басына жетеді ғой
Бәрімізді асырау.
Күнде таңда көмейінен
Бал төгіліп «байғұстың» —
Бөліседі мерейімен
Әлдекімнің қайғысын.
Әулие еместер әулиемін — дер,
Шын әулие үндемес.
Қанаты асыл қайран өнер,
Еркелетер, күндемес.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әнші өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Әнші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әнші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әнші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері