Бұл бетте «Әнші» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
23.05.2019
0
0
2488
Құстай ғана денесі бар,
Гүлдей ғана ерні бар,
Құдіреттен дәмесі бар,
Пайғамбардан көңілі бар.
«Қыз болған соң сүйтеді ғой» —
Деп, асықпа, досым-ау!
Бір басына жетеді ғой
Бәрімізді асырау.
Күнде таңда көмейінен
Бал төгіліп «байғұстың» —
Бөліседі мерейімен
Әлдекімнің қайғысын.
Әулие еместер әулиемін — дер,
Шын әулие үндемес.
Қанаты асыл қайран өнер,
Еркелетер, күндемес.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі