Дос – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Дос» атты Ғафу Қайырбеков жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3270
Е Ш.-ге

Жақсының жер бетінде бәрі бітпей,
Тозбайтын бір асылсың мәңгіліктей.
Жаныңның жарқылынан айналайын,
Тартатын өлең сөзді магниттей.
Сен менің мәңгі сыйлап өтерімсің,
Кең жайлау ата қоныс мекенімсің.
Аспаннан жалғыз тамшы жаңбыр күткен
Жайнаған жапандағы жеке гүлсің.
Артамын бір өзіңе әмән сенім,
Қандырар шөлдегеннің арман шөлін.
Ат-тұрман әшекейлі асыл жабдық
Жолыңды құптай берсін заман сенің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дос өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Дос өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дос өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Дос өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері