Қыстағы күннің қызығы-ай
Бұл бетте «Қыстағы күннің қызығы-ай» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қыстағы күннің қызығы-ай,
Жалғасып ұзақ ақ таңға,
Тұрады көкте жүзіп Ай
Күн шығып келе жатқанда.
Күн шығып келе жатқанда
Кеңсеге келе жатам мен.
Жаңа бір адым аттауға
Мәңгілік ояу Отанмен.
Кеңседен келе жатам мен
Күн батып бара жатқанда,
Бірге боп елмен, Отанмен
Көңілім өсіп қайтқанда.
Алдымнан әлгі қызыл күн
Жүгіріп қарсы ап шығады.
Ол күнің — балаң — қызығың
Қыздырған сені шуағы!
Қыстағы күннің қызығы-ай,
Қиялың жиі самғайтын!
Қасында жақын жүзіп Ай,
Алдыңнан күнің танбайтын!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі