Киік – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Киік» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1822
(Элегия)

Қолға түспей қырын қашқан бір киік,
Сені көріп жүрек шіркін жүр күйіп.
Саған асыл соқтым тұғыр кеудемнен
Тұршы сонда, төмендемей, тұр биік.
Тағдыр бізді алыс, алшақ жаратқан,
Жетпейді оғым қанша көздеп дәл атқан.
Бақытты екен баспаналап сол аңшы
Жақын атып, қолға сені қаратқан.
Сыбдырлайды, сыбдырлайды жел жаршы,
Келе жатсаң тура алдымнан сен қарсы.
Мені көрсең неге алқынып қашасың,
Қашпа, қалқам, шаршамашы, дем алшы.
Енді атпаймын, оқ шығындап нетейін,
Жаста жетпей, қазір қайдан жетейін.
Мен болайын, айналайын кең далаң
Кек сағымға орап сені өтейін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Киік өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Киік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Киік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Киік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері