Қаракөз қыздар – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Қаракөз қыздар» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 4122
Қаракөз қыздар, жан қыздар,
Қаракөз қыздар — балдыздар.
Көптігің көкте — жұлдыздар,
Жар дегенде — жалғыздар!
Жиналармысың мұншама,
Жырға да құмар — бәріңсің!
Өртерсің, көзің жұмсама,
Бәрің де бір-бір жалынсың!
Не деген өткір жанарың,
Қандай бір оттан жетілді?!
Махаббат деген қаланың
Терезелері секілді.
Бақытты қыздар, бал қыздар —
Аяулы бақтың алмасы!
Жырымды ғана ал, қыздар,
Өзіме қолқа салмашы!
Онсыз да амал құрып тек,
Барамын серттен қайта алмай!
Сүйемін деп те айта алмай,
Сүймеймін деп те айта алмай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері