Қаракөз қыздар – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Қаракөз қыздар» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 4087
Қаракөз қыздар, жан қыздар,
Қаракөз қыздар — балдыздар.
Көптігің көкте — жұлдыздар,
Жар дегенде — жалғыздар!
Жиналармысың мұншама,
Жырға да құмар — бәріңсің!
Өртерсің, көзің жұмсама,
Бәрің де бір-бір жалынсың!
Не деген өткір жанарың,
Қандай бір оттан жетілді?!
Махаббат деген қаланың
Терезелері секілді.
Бақытты қыздар, бал қыздар —
Аяулы бақтың алмасы!
Жырымды ғана ал, қыздар,
Өзіме қолқа салмашы!
Онсыз да амал құрып тек,
Барамын серттен қайта алмай!
Сүйемін деп те айта алмай,
Сүймеймін деп те айта алмай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаракөз қыздар өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Қаракөз қыздар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаракөз қыздар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаракөз қыздар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар