Айна тұма
Бұл бетте «Айна тұма» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қалың бір көзден оңаша
Қапталда бұғып сен жатсың.
Айнаша десе айнаша,
Сүйкімді ғана бұлақсың.
«Сара» деп саған ат қойып
Сақтаған екен ел сүйіп,
Қара көзден от төгіп,
Қарады ма екен тесіліп?
Айнасы ма едің сен оның,
Көз жасымысың көп тамған?
Өнерімісің ел жанын
Мекендеп, ұзақ сақталған?
Үндемей ғана жатсың сен
Дегендей өзің танырсың.
Ғажайып махаббатсың сен,
Махаббат үндеп неғылсын!
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі