Бұл бетте «Элегиялар» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ымырттағы, ту сырттағы бір шырақ,
Көлбеңдейді көзге жылы ұшырап.
Қанатың жоқ қағып қалып жететін
Қамығасың кірпігіңді құр шылап.
Жалынасың, «жаным дейсің» ала кет!»
Неғыласың, жақындамай ол әлек.
Сабыр сана, жабырқама, жасың сүрт,
Таны да қой, жастық шіркін сол-ау! деп.
* * *
Көңіл қайтты көп ойнақы сөздерден,
Жазды оны жаттап алып кез келген.
Жазған да ақын, жаттаған да ақын боп
Өлең қазір танымастай өзгерген.
Бала десең бала үйретіп әкесін,
Көрмей ісін көзге басып қатесін,
Ойыншықты өзің ойнап тоздырған
Қайта ойна деп әкеп берсе, қайтерсің.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі