Қазақстан коммунистік партиясына

Бұл бетте «Қазақстан коммунистік партиясына» атты Ғафу Қайырбеков жазған отан туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 25.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2069
Жолдастар! — Осы сөзге жалын құйып,
Ардақтап коммунистер арын биік,
Арнаймын мен сендерге мерекеде,
Ақын боп, жазған жырдың бәрін жиып!
Мейлі ол бір кітап па, он кітап па,
Жанымның гүліндей көр, сен құшақта!
Жырымды бір коммунист қолтықтаса,
Жүргені өлеңімнің алғы сапта!
Айналсам Қазақстан деген аттан,
Тек жалаң сезім емес жер ұнатқан,
Сол жерге ұлылықты алып берген
Көремін, ер коммунисті, сені мақтан!
Дәл бүгін республика салтанатын
Жырлауға жыр табатын, ән табатын
Өзіңсің, Коммунистер партиясы,
Шабытты шапшаң ақын, шалқар ақын!
Айырман жерді сенен, сені жырдан,
Болғанда мереке тау — теңіз думан,
Қожасы қос данышпан — халық пен сен —
Заманның тұңғыштары егіз туған!
Қырық жыл бұл далаға еңбек етіп,
Мал бағып, егін егіп, ел көбейтіп,
Қаланы қаздай тізіп, завод жасап,
ГЭС салып, теңіз тұсап, сел бөгетіп.
Сен жүрдің, сеніп жүрдің жеңісіңе,
Басшы да, қамқоршы да ел ісіне,
Өзіңсің — бірақ әкім болған жоқсың
Еңбектің әзір ие жемісіне.
Халықтан қасиетің айнымайтын
Сол сенің ұлылығың айдан айқын.
Бір ғана үлкен кісі — ол туған ел
Дәл тауып, еңбегіңді бағалайтын.
Сол бағаң — бұл мерекең егіз тапқан,
Той сыйы — сен жасаған жеміс бақтан
Партия — республика мақтанышы,
Жаса сен, жеңістен соң жеңіске аттан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақстан коммунистік партиясына өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Қазақстан коммунистік партиясына өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақстан коммунистік партиясына өлеңі не туралы?

Бұл шығарма отан туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қазақстан коммунистік партиясына өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері