Егінкөл басында
Бұл бетте «Егінкөл басында» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Келген дәнді суарып
Ертеден - ақ Егінкөл,
«Егініме суыңды
Есіркесең тегін бер»
Деп, әрине, жалынып
Ел адамы айтпаған.
Арық қазып жабылып,
Күн жоқ суын тартпаған.
Қазір жалғыз Дүйсембек,
Двигатель басқарып.
Жатыр көлдің мол суын,
Көп егінге ақтарып.
Аспан жасыл, жер жасыл,
Бір бәсеке қылғандай.
Дала күнде бір ғасыр,
Өмір жасап тұрғандай.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі