Ұшады қара торғай қанат қағып – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Ұшады қара торғай қанат қағып» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1923
«Ұшады қара торғай қанат қағып»
Жеткенде осы ән бізге көктен талып,
Басына көк майсаның алтын сеуіп
Қалған кез сары белге күн де барып.
Кешкілік жұмыстан соң жұрт жиналып
Жаңалық, әрлі-берлі сөз қозғалып,
Алдында қызыл отау тынығу сәт,
Шарықтап шадыманды отыр халық.
Біреулер «шәу, пәлі» деп елти түсіп,
Қояды қошеметтеп желпінісіп.
Кенеттен тамылжыта құйылған ән
Көкейге қонақтауға кетті түсіп.
Қызыл отау. Радио ән самғатты,
«Анау кім басындағы, бұра қатты!»
Десіп жұрт гуілдесті, «қара торғай»
Қалықтап жұрт үстінде тұра қапты.
— Уа, жігіт, салады екен қоңырлатып!
— Бипаздап бала қаздай мамырлатып.
— Ән шіркін, бабы келсе қандай жақсы
Барады бауыр жібіп, жаным балқып!!
Жақсы әннің әуенімен тыныс алып,
Тыңдасты қаумаласып қалың халық.
Келгендей әнші жаны ел ішіне
Алыстап аңсап ұшып қанат қағып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұшады қара торғай қанат қағып өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Ұшады қара торғай қанат қағып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұшады қара торғай қанат қағып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұшады қара торғай қанат қағып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері