Торғай
Бұл бетте «Торғай» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жас шағым өтті жабықпай,
Жағанда сан жыл асыр сап.
Астыңда жүздім балықтай,
Бетімді толқын жасырса - ақ.
Шілдеде қандай момақан,
Толқының майда мақпалдай.
Бірнеше жұмсақ алақан
Көтеріп бара жатқандай.
Менің балғын денемді,
Жүземін мәз боп шалқалап.
Сонда анам еске келеді,
Қыдыртар кейде арқалап.
Ақ көбігін суыңның
Деп жұтушы ем «шекерсің».
Өсе келе ұғындым
Жыр өзені екенсің.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі