Маяковскийдің үйінде – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Маяковскийдің үйінде» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1497
Осынау бір көне үйге
Өлеңімді көтеріп,
Ақыл алып, мен ылғи
Жүрген жандай көп келіп.
Кіре бердім еркіндеп,
Ниетім жоқ жасқанбақ,
Еңсемізді біртіндеп
Биіктегі баспалдақ.
Кіп-кішкене қос бөлме
Алып ақын тұрған үй.
Өлең болып өскенде
Көңіл шіркін сыйған үй.
Нелер сабаз отырған
Сол қалпында орындық.
Үйді жырға толтырған
Алуан ақын жолығып.
Қаламы да қалпында
Иек артқан дәуітке.
Соңғы жолдың артында
Қалыпты тек көп нүкте.
Бітпей қалған өлең бе,
Ойында оның тізілген?
Әлде сол бір өмір ме
Аяқталмай, үзілген?
Үйдің іші тым-тырыс,
Ешкім жоқ үн қатқандай.
Ақын алып бір тыныс
Жаңа ғана жатқандай...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері