Сәбиге – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Сәбиге» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2026
Былдырлап тілің шыққалы,
Атадың кенет атыңды.
Қызықтап үйде жұрт бәрі,
Тіледі қайта айтуды.
Сен тұрдың жұртқа аң-таң қап,
Кісідей бұрын көп таныс. ...
Осыдан, бәлкім, басталмақ
Адаммын деген мақтаныш!
Жап-жасыл екен жер мен көк
Шақырым бойы алты жүз.
Алып бір шардың көкпеңбек
Ішінде келе жатырмыз.
Машина жүйткіп келеді,
Жерде жұлдыз аққандай.
Мына бір жасыл кілемді
Бүктеп келе жатқандай.
— Ерлердің еңбек жемісі, —
Дейді қария — биылғы!
Ақ тарының иісі
Барады жарып мұрынды...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәбиге өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Сәбиге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәбиге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәбиге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері