Мен бақытты көрдім
Бұл бетте «Мен бақытты көрдім» атты Ғафу Қайырбеков жазған бақыт туралы өлең берілген.
(Ақындар күнінде)
Бақыт жайлы сан аңыз
Тыңдағаным бар еді.
Айтып жүрген әр ауыз
Ол жар еді, бала еді.
Көрдім соның бәрінен
Үлкен бақыт мен енді.
Көтерді ол жаным мен
Жұдырықтай денемді.
Көтерді ол, мен ыстық
Алақанның астында
Тұрдым, алды туыс қып
Көкірегіне басты да,
Маңдайымнан бір сүйді,
Ғашық едім атына.
Жаным ғажап сүйсінді
Алып махаббатына.
Төбесіне көтерген
Өз ақынын, өз ұлын,
Бақыт деген — ең үлкен
Халқым екен өзімнің.
1956 жыл
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі