Ауыл совет қызға айтқаны – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Ауыл совет қызға айтқаны» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1562
Мархабат, сөзің шырын, жүзің жарқын,
Шықпайтын шын асыл ең халыққа қалпың.
Жасыңнан жақсылармен жолдас болып,
Біліммен билеп тұрсың жұрттың жарпын.
Өнерің өз алдына үздікше тұр,
Жазатын жайластырып латын әрпін.
Табылып ілім-білім бір өзіңнен,
Гауһардай болып тұрсың қымбат нарқың.
"Арзанға аламын" деп әуреленді,
Білмеген бибаһамдар шама-шарқын.
Ертеде өтіп кеткен Зылихадай,
Алашқа анық кетті ат пен дәрпің,
Арзу боп әнің үшін сүһбатыңа,
Ойдағы өтінішін айтты әркім.
Білдіріп ойдағымды мен де мұндай,
Соғар деп қойынымды ашам қоңыр салқын.
Қалайда қадір тұтар, сағым сынбас,
Қиялым қатарыңнан қалмай талпын.
Тоғар кеп, көп айтудың керегі жоқ,
Білетін біліктіге сөздің парқын.

1930


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері