Алматов Көшенге – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Алматов Көшенге» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1524
Ықпалың тасқан судай тұр еді өрлеп,
Сыртыңнан жүруші едім мен де серлеп.
Хабарың қай жағынан шықса дағы,
Іздеуге ойым бар еді шаршап, терлеп.
Тойында Октябрьдің ұшырасып,
Қуаныш көкірегімді кетті кернеп.
Бара алмай Алматының қаласына,
Жүр едім қасірет жеп, қатты шерлеп.
"Досыңды қиындықта сына" деген,
Аламын етегіңнен енді "ер" деп.
Қалтанда болмағанмен халқында бар,
Өтінем "жүз елу сом тауып бер" деп.
Уақытта уағдалы тапсыруға,
Қолыңа хат беремін жазып, мөрлеп.
Қарманса таз дағы бит табатұғын,
Көрші енді көңілденіп, қолды сермеп.
Мысалы бұл сөзімнің байқағанға,
Тіктірген тон сияқты оқа зерлеп.
Кел енді, Көшен інім, қош аман бол,
"Ауданға қайтам" десең атынды ерлеп.
Берермін жанадағы жазып дастан.
Отырып оңашада етуге ермек,
Қалтаға қарамастан тыға салмай,
Лайық ағаң сөзін оқып көрмек.

1930.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері