Қыз-әлем – Ғабиден Қожахмет

Бұл бетте «Қыз-әлем» атты Ғабиден Қожахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.04.2016
  • 0
  • 2
  • 5266
Түсіргендей бір сәуле түнге жарық,
Думан-нұрға қос жүрек бірге барып.
Махаббаттың шырағы маздады да,
Сала берді қыз-әлем гүлге оранып.

Жүрек-сырдан сезімнің ізде гүлін,
Шаттық әні естіліп бізге бүгін.
Жанарына бір жарқыл ілінді де,
Нұрландырды махаббат қыз көңілін.

Соның сазы оралып жыр тіліне,
Куә боп бақыт тұнған бір күніне.
Тез суынып, тез лаулар қыз-кеуденің
Шық тұрмасын ендігі кірпігіне.


Пікірлер (2)

Ақниет

Өте керемет

Нестисин

Кереметт

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері