Үкімет басшыларына айтқаны – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Үкімет басшыларына айтқаны» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1363
Миуалы ортаңдағы гүжім дарақ,
Биіктеп бара жатыр көкке қарап.
Ел үшін ертелі, кеш иіп басын,
Шашып тұр: "Тойыңдар, - деп, кетпей тарап!"
Рахмет мұндай кеңдік болған емес,
Халық болып тарағалы ажам арап.
Зейнеттеп зейілдеріңнің зеңін ашып,
Қойды етіп тұлпар аттай тұрған жарап.
Алмайтын асылында андарың жоқ,
Кең ойлы баптаған соң өңшең сарап.
Еншілес өзіңменен болғаннан соң,
Орын жоқ ерінуге еңбек санап.
Аласың арытса еңбегің анық бәйгі,
Алтыннан артта қалар неше қанап.
Басшыңның нарқы қымбат арқасында,
Қайткенмен жемесің нан өлшеп, танап.

1934.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үкімет басшыларына айтқаны өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Үкімет басшыларына айтқаны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үкімет басшыларына айтқаны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үкімет басшыларына айтқаны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері