Мұңданбаймын, қабағымды күз етіп
- 0
- 0
Мұңданбаймын, қабағымды күз етіп,
Тағат таусып, табанымнан сыз өтіп.
Түнгі көктен түні бойы бір жұлдыз
Жанатындай тереземді күзетіп...
Бұл бетте «Оралғанын қалар едім бірақта» атты Бекарыс Ташкенбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мұңданбаймын, қабағымды күз етіп,
Тағат таусып, табанымнан сыз өтіп.
Түнгі көктен түні бойы бір жұлдыз
Жанатындай тереземді күзетіп...
Ауа жетпей кейде бір алқынамын,
Ондай кезде шығады салқын әнім.
Ғашық болып тағы да таңғы күнге,
Таңғы күндей биікке талпынамын.
Ерте тұрып, ашық алаң, көшені,
Түскен жапырақ, темекінің қалдығын,
Әдетімен егде кісі кешегі
Сыпырып жүр, түк қалдырмай барлығын.
Хабарлама
INFO
- Жәди Шәкенұлы
- Жәди Шәкенұлы
- Жәди Шәкенұлы
- Жәди Шәкенұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі