Анау келген кім болды екен, біліп келші кім екен – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Анау келген кім болды екен, біліп келші кім екен» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.05.2019
  • 0
  • 1
  • 5638
Анау келген кім болды екен, біліп келші кім екен?
Батырлық па?– Өз төрімде күтіп алам, түнетем.
Байлық болса қулау болар, тура қара көзіне.
Кім де болса алдамасын, алданбасын өзі де.
Қайғы болса артында оның қуанышы бар шығар,
бірі кірлеп, бірі жуып кеудем менің аршылар.
Бақыт болса, денем әлсіз көтере алман (өз ойым)
арман болса өмір-бақи арқалайын, төзейін...
Адалым боп арнап келсе – барым әзір, көңіл хош,
түсір жылдам, атын байла, қырауын қақ, тонын шеш.
Шындық болса кілем төсе, дастарқаным жаямын,
жалғандық па – тулақ таста, сүртіп шықсын аяғын!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Гульмира Алтаевна

Өте керемет айтылған, өлең жолдары жақсы жазылған

Осы автордың басқа өлеңдері