Поезда
- 0
- 0
Келеді ағып... жылдамдық еді қандай,
көкжиекке біз қазір соғылардай.
Терезеден айнала қарай-қарай,
талай қырды қалыппыз абайламай.
Бұл бетте «Байронға» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
... Көгіс тартып тұр безеріп қыр үсті,
қоя аурудан айықпаған баладай.
Кәрі шыңдар бір-біріне суысты,
бір суық леп кезіп жүрді жағалай.
Жасыл түсті секілді нұр, арай да,
жасып қалған секілді алап, маңай бар.
Тастардан да сабыр қашқан тәрізді,
Кәрінің де ақылы жоқ абайлар.
Мойнына арқан түсіп, күш батпаған,
көнбеген жаз – кермеге, қыс – қақпаға,
бір асау әлі қашып жүрген сын-ды,
құрыққа сол күндері ұстатпаған.
Гүлнұр
Өте керемет мен керегімді алдым ракмет ????