Бұл бетте «Дөң де жаңа, бел де жаңа, сай жаңа» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Дөң де жаңа, бел де жаңа, сай жаңа,
желкеміз – шаң, маңдайымыз – жел ескен.
Жасылдана жатыр дала айнала,
Кеше, дала, құла дала емес пе ең?!
Елең қағып айналаны тыңдаймын,
ойға құлап, қыраттарға асылып.
Мотор, мотор гуілдейді, тынбайды үн,
Төрт дөңгелек – төртеуі де асығып.
Омырауымның бар түймесін ағыттым,
ой-хой шіркін, алдан ескен самал-ай!
Екіндіге барып қапты ағып күн
қызыл сәуле жамылды алап жағалай.
...Күн де батты ақырғы рет төгіп нұр,
Мен аңсадым дамыл алар төрімді.
Ошақ басын түтін жайлап көгілдір,
«түгеншекең» ауылы да көрінді...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі