Жалқы досым, келсе мені шын ұққың – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Жалқы досым, келсе мені шын ұққың» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған достық туралы өлең берілген.

  • 01.06.2019
  • 0
  • 0
  • 4107
Жалқы досым, келсе мені шын ұққың:
Менің дағы көп мінім бар, жаным бар.
Көкірегімнен көре қалсаң бір ұшқын
Үрлеңдер де маздатыңдар, жағыңдар.
Бұл күйбеңмен өтер екен жыл қанша,
Ұшамын деп ойламаймын желіңе.
Ал, егерде кеудем толы күл болса
Сол күлдей ғып өшіріңдер мені де.
Мен өзімді байлай алам қатерге,
Сол қатерді жеңемін де ендеше.
Бар айтарым: арзан атақ әперме,
Өзің де арзан, досым, болғың келмесе.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері