Менің көршім – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Менің көршім» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.06.2019
  • 0
  • 0
  • 6951
Мен ғашықпын, маған ғашық емес ол,
Білмейді әлде жек көріп те, сүйіп те?
Мен сияқты бойы аласа демесең,
Ойы, сірә, менен көрі биікте.

Мәз болсам да қиялдағы елеске,
Жас баладай көкке қарап қуанып.
Көңіл шіркін, төзбес мұндай егеске,
Үй алдынан өтсе ол күнде су алып.

Жастық шақтың бақшасына түсті алдап,
Жылы сезім баурай берді мені ептеп.
Шыдамымды ұрлайды да ол мысқалдап,
Әкетеді күнде үйіне шелектеп...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері