Ауылдан қалаға келген азаматқа сыр –
Шөмішбай Сариев
Бұл бетте «Ауылдан қалаға келген азаматқа сыр» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ұялап қалса шаһар санаңызда,
Жүрек құрғыр елеңдер далаңызға.
Ауылда—
Алдан шығар аласа үйлер,
Адамнан —
Үйлер биік қалаңызда.
Ауылдың таныс саған ырғақтары,
Көрмеген қала сені тыңдап та әлі.
Ауылда қас-жақын ба?
Бәрі таныс.
Қалада аты — жөні
Жұмбақ бәрі.
Бәріне
жөн айтпайсың сен де күнде
Бар ауыл саулық сұрар —
Көргеніңде.
Қала сені танымас —
Қартайсаң да.
Ауыл сені таниды —
Жөргегінде.
Күндіз-түні нөсерлер жауынындай,
Бақыт көп бұл қаланың бауырында
Ал содан тимеу мүмкін —
аз бақыт та,
Аз бақыт та тиеді —
ауылыңда.
Сөз бен сөзді бөлмейді үтір ғана,
Болмаса да заң бөлек, үкім дара,
Көтерер еркелікті — бар ауылың.
Еркелікті көтермес бүкілқала.
Көршілер ме?
Қалада қарауы — мұң.
Ауылың есігіңнің қарауылы.
Қуансаң —
Қуанбайды қала болып,
Қуансаң—
Қуанатын бар ауылың.
Сонда да бір сыр айтам бауырыма,
Естіртіп ел-жұртыма, қауымыма
Ауыл болып
Асығам қалама мен,
Қала болып
Асығам ауылыма!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі