1932
Бұл бетте «1932» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Қаратаудың басынан көш келеді...
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді...»
Көшпелі ата қазақ нар қомында,
Бостандық, кендік аңсап өскен еді.
Халқымның өмірінің гүл атқаны —
Таулардай туған жерге тұрақтады.
Басынан баяны мол бақыт көшпей,
Тұрақтады өзімен мұрат, бағы.
Келешегін қазағым көріпті алдан,
Қасиетті халқыммен жолықты арман
Шөлдеген қайта тұрды Қарақұмдар,
Нарлардай ұлы жолда шөгіп қалған.
Оңтүстік,
батыс,
шығыс,
терістік ел,
Өмір өзі кеңейтті өрісті кең,
Өзі көшпей қазақтың қазір даңқы
Көшіп жүр ата мекен —
Жер үстімен!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі