Ой салған із де не түрлі – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Ой салған із де не түрлі» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2233
Ой салған із де не түрлі
Өрістің шары секілді,
Сондай бір жолға түсіп ем –
Жан-жаққа қашып құтылды.

Телміріп алыс қараймын,
Шегіне көзім жетпеді –
Алдымда жатыр ақ айдын,
Қайда екен мұның өткелі?

Аз білем әсте мен жерді,
Тапсыншы анам мықты ғып,
Әкетпе, теңіз, кеудемді
Салынды шөптей ықтырып.

Ал, жүздім, батсам суға мен
Төңбекші, толқын, ылайлан.
Сұрауға көмек тумап ем,
Адамнан яки «құдайдан!»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері