Бұл бетте «Отан» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған отан туралы өлең берілген.
Бел балаң ем, есейін бір шынығып,
Заводтарда болат илеп, шыны үгіп.
Семіруге келгенім жоқ өмірге,
Аулақ жүріп, ауа жұтып, тынығып.
Жаңа ғана тәй-тәй басқан жасыңмын,
Сәби сын-ды талабым зор масқара.
Жаспын, бірақ жасық емен, жақсы ана,
Еркелеп кеп мойыныңа асылдым.
Жомарт халық ұлы едім мен – жарқын жан
Әр сезімнің қанаты отқа шарпылған,
Әр тамшымның түбіне ерек бал тұнған...
Салмақ алсам қорғасыннан сендегі,
Жалтыл алсам деп ем сендегі алтыннан.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі