Шомылып мөлдір өзенге

Бұл бетте «Шомылып мөлдір өзенге» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2633
Шомылып мөлдір өзенге,
Сергіп те қап ем оянып,
Жауапты бір кезеңге,
Келіп те қаппын таянып.

Ғажайып қырлар гүлденген,
Қызылды-жасыл боялып.
Бояуы кеппеген күндерден,
Қуанып қалдым ой алып.

Болмайтын сын-ды тоқталсам,
Жетпейді ақыл-қиялым:
Күйдірем нені – от болсам,
Су болсам – қайда құямын?

Уақыт қуып барады –
Асығып келем, асығып.
Сырындай мына даланың
Ашылып келем, ашылып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шомылып мөлдір өзенге өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Шомылып мөлдір өзенге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шомылып мөлдір өзенге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шомылып мөлдір өзенге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері