Жалғасу

Бұл бетте «Жалғасу» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1583
Айналайын ұлым-ай,
Құлдыраған құлын-ай,
Шырқау биік шыңым-ай.
Болмаса егер шыңым-ай,
Не болады күнім-ай?
Айналайын немерем,
Немереммен теңелем,
Кеңейеді керегем.
Болмаса егер немерем,
Тағдырыма не дер ем?
Айналайын шөберем,
Шөбереммен көгерем.
Болмаса егер шөберем,
Шаршап барып шөгер ем,
Біржолата сөнер ем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалғасу өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жалғасу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалғасу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалғасу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері