Бас қайда болса – онда аяқ бар

Бұл бетте «Бас қайда болса – онда аяқ бар» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2689
Бас қайда болса – онда аяқ бар,
Сүрінген жығылып тояттар.
Бұл жерден басталса тіршілік
Ол жерден сапарын аяқтар.

Күн қайда болса – онда көлеңке,
Сен сылбыр болсаң, ал мен ерке;
Ей, өмір, бұл-дағы өз заңың
Кейде Үкі қыранға теңелсе.

«Екі көз – соқырдың тілегі» –
Ол жылап, бұл оған күледі.
Күлкі ғой!.. күлкінің қадірін
Тек қана қайғылы біледі.

Жел қайда – сонда шөп ырғалар,
Көл қайда – құс айтар бір хабар –
Ей, өмір, бәрі де өз заңың,
Бәрі де сен өткен жылғалар.

Жол қайда болса – онда жүргеннің
Іздері қаларын білгенмін...
Өмір-ау, осынша көп заңға
Қай кезде қол қойып үлгердің?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бас қайда болса – онда аяқ бар өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Бас қайда болса – онда аяқ бар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бас қайда болса – онда аяқ бар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бас қайда болса – онда аяқ бар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері