Білмеймін мықтымын ба, осалмын ба – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Білмеймін мықтымын ба, осалмын ба» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.06.2019
  • 0
  • 0
  • 5135
Білмеймін мықтымын ба, осалмын ба,
Барым сол – бір жүректі тосам мыңға.
Оңаша тергесем де, терлесем де
Өзімді жыққаным жоқ дос алдында.

Айтқан соң нелер ақыл нелер пенде,
Туған жер, әзір аман келем сенде.
Секілді қуанғаным – шуақ жағым,
Өзіме тартып туды көлеңкем де.

Не істерсің, арман биік, аласа бой
Биікке биік болсаң тамаша ғой.
Күзгі күн аспанындай тымырайған
Өзіме – өзім құсап жарасады ой.

Ақыл боп ақындығын тергеді ақын;
Мінбеймін мен ешкімнің берген атын.
Ойлаймын: «аласалық – күштілік!» – деп,
Бір табан болғаннан соң жерге жақын.

Бұл жерге келдім ақыл-есті мықтай,
Қадалсын қаңғыған көз – өстім ұқпай,
Отырам қызыл күннің отын ұрттап,
Қанталап қайтатұғын кешкі бұлттай.

Сыр құйып өлеңіме қатық қылып,
Келемін ойларыма батып-шығып.
Дейді жұрт: «өлең жазбау– бақыттылық»...
Аузыңды бұзайын ба атып тұрып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Білмеймін мықтымын ба, осалмын ба өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Білмеймін мықтымын ба, осалмын ба өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Білмеймін мықтымын ба, осалмын ба өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Білмеймін мықтымын ба, осалмын ба өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері