Жүрек – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Жүрек» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3323
Білемін: шаттық не, қайғы не,
Шындықты жасаған елестен;
Алқына сыр ашқан Ләйліге
Мәжнүн сен жүрек емес пе ең!

Көңілдің күмбезін көтерген
Өмір ғой, берді о да үзім нан.
Найзағай секілді от өрген
Денемді шарлайды қызыл қан.

Айтайын өмірде бармын деп,
Бұ мезгіл жұқтырсын самайға ақ.
Тірлік-ай! Әр сағат, әр минут
Келеді жаңа бір қан айдап.

Тұрса егер шын бақыт жүзімде
Өмірдің тойына тоям ба.
Тірлігім жүрсе тек тізімде
Ей, жүрек соқпай-ақ қой онда!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері