Өз мүлкімнің бар салмағын ұқса жан – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Өз мүлкімнің бар салмағын ұқса жан» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1669
Өз мүлкімнің бар салмағын ұқса жан,
Одан сайын ауырлата жүк салам.
Ойхой, менің қанағатым тойымсыз
Қайыршының дорбасына ұқсаған.

Алу керек, алу керек, көп керек,
Ақысына көкірегімнен от төлеп,
Алдағымды арман қылам алғанша,
Ал, алған соң, тағы қалам өкпелеп.

Тағы жүрем... ақыл – қызу, ой – аптық,
Талай ойды есік қағып ояттық.
Тағы жүрем... сүйенермін шаршасам,
Туған жердің әр бұтасын таяқ қып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері