Бұл бетте «Тоя ма екен бұл дүниеде сырға адам» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тоя ма екен бұл дүниеде сырға адам,
Адам сырды адамдардан ұрлаған.
Шіркін тұрмыс үйретпекші барлығын,
Үйретпекші баяғы сол бір надан.
Тағдыр – қыңыр, арты өкініш, алды үміт,
Кетер ақыр баланы үміт шал қылып.
Тірлік өзі заңын жасар, сол үшін
Үйрету де, үйрену де – мәңгілік!
Адам, адам, неткен ұлы жүрегің! –
Осы ғана бұл өмірде білерім.
Жаным менің жамап алды жүз «ауру»,
Табамын деп білместіктің бір емін –
Міне, барым. Өз қырсығым, өз бағым:
Өмір болып, өлең болып қоздадым.
Жалғыз-ақ тек осын-ау бір «білемге»
«Мен де»... деген қоса алмадым сөзді әзір.
Білем, білем, білем деген маған жат,
Барлық «білем» «білмеймінге» қамалмақ.
Жұмыр жерді шырқ үйірер бәрі бір
Жұдырықтай басымен-ақ адамзат.
Жаратты ғой бұл табиғат жан қылып,
Өткеніме өкінбеймін санды ұрып.
Күннен күнге жаңарды өмір, сол үшін
Үйрету де, үйрену де – мәңгілік!
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі