Бұл бетте «Шанада» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Айнала аппақ, аппақ дала қар аппақ,
Ойнайды жел аппақ қарды парақтап.
Бір шанада екеу отыр құнысқан,
Шана артында үйіріледі күміс-шаң.
Тұяқтардан кесек-кесек ұшқан қар
Домаланып безіп барад - ұстаңдар!
Құрысқан қол көтерілген жағаны
Әлсін-әлсін ебедейсіздеу қағады.
Таяп қалды, таяп қалды екінді.
Боз аспанның батыс жағы кетілді.
Бірте-бірте қүн барады қызарып -
Жіберген-ау мынау өмір ыза ғып?!
Сұрғылт мұнар сайға қонып қалыңдап,
Көлеңке жүр жыраны өлшеп адымдап.
Көкжиектің сұп-сұр болған ернінен
Қып-қызыл күн сүйді-ау бір сәт жалындап!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі