Аударып тастадым календарь бір бетін – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Аударып тастадым календарь бір бетін» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1483
Аударып тастадым календарь бір бетін,
көйлегім тастадым көне бір.
Өлімді жек көрсе кімде-кім,
атқарған болады адамдық міндетін.
Көңілден, дүние, көңілден,
мына біз шаттығың маздаған...
Не рақат көрсем де өмірден,
бәрі де әлі де аз маған!
Сол күндер әлемге көп мінез тастады,
әлсіздік жаутаңдап күштіге,
Мұңая төніпті Европа аспаны
әкемнің өлігі үстіне.
Көмейде кетті өліп есіл үн,
бәріне бір түйір қорғасын кесті құн.
Мен кейін сол әке есімін
шешемнен естідім.
Сондықтан әкенің есімі
мен үшін бір тұнық - қозғама...
құлақта - үн ғана,
қағазда - сөз ғана.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аударып тастадым календарь бір бетін өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Аударып тастадым календарь бір бетін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аударып тастадым календарь бір бетін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аударып тастадым календарь бір бетін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері