Өзім

Бұл бетте «Өзім» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3138
Болмаса да көк өзенім гүрлеген,
көп өзенмен бірге ағамын, бірге мен.
Ой түбінен ойнап туған жырменен
тыныш таппай – тірі болып жүр денем.
Ойнай алман, ойнай алман сөзбен мен,
жаси алман жақтырмаған көздерден.
Тағдырымды өлшей алмас безбенмен
өз басының безбені жоқ кез келген.
Жан емеспін қолда барға бұлданған,
жеңер мені күндіз күлкі, түнде – арман.
Еске алуға жарамайды өткенім,
өткен күннен келер күнім көп менің.
Сол секілді ойларым да теп-тегін,
келмейді оны үнемдегім, ептегім.
Сондықтан да жиі жанам, сөнем мен,
жығыламын кейбір асау теңеуден.
Осынау бір олпы-солпы өлеңмен
өзімді-өзім түсіндіріп келем мен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзім өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Өзім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері