Алты карта – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Алты карта» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1039
Балта түсті,
мәткең бар ма — соқ, қане!
Бір соғарға жарайтын күш жоқ па әлі?!
Қызды-ау ойын,
қызды, қызды, әй, қызды —
көзір алты ұрып алды жай тұзды.
Бітірмейді желке қасу, жөтел түк,
әне сегіз, қосқан екен — кет ертіп.
Біреу, міне, тұздары бар кісіге
жер тістетті жетілікпен көтертіп.
Тұз құлады тыраң асып табыстан,
король жатты бастан дәурен-бағы ұшқан.
Балта жүзі мұқап қалды,
даманың
тырнағы өткір екен барыстан —
бүрді-ау бәрін, бүрді кенет, әй, бүрді:
ондық күлді,
қарға тоғыз қайғырды.
Король біткен тақ-тажынан айрылды,
балталар да баққанынан айрылды.
Кеудең қаңырап бос қалады, жан ұлып,
теңселесің қарға-қанат жамылып.
Қызыл табан — тамып қалған қан сынды
балта мұрнын қанатқанда дама ұрып.
Жалт-жұлт етті көздер бейне жай тасы,
мықты екенсің, қызбай ойнап байқашы!
Махаббат деп мақтағаның бозбала-ау,
дамалар мен балталардың шайқасы.
Жеңу, жеңу бұл ойынның бар мәні,
әйтеуір бір жеңу — көптің арманы.
Мен де ойнап ем —
қолым жөнді шықпады,
сондықтан да қарсы жағым мықты әлі...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алты карта өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Алты карта өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алты карта өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алты карта өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері